Махамбет Өтемiсұлы - қазақ халқының тәнiне түскен жара, жанына батқан аза едi. Есiмiздi Махамбет пен Абайдың өлеңдерiмен жиған бiз үшiн, ұлы ақынның наркескен жырлары санамызда, есiмiзде, жүрегiмiзде қалғымас, өшпес намыс отындай мәңгi алаулап , жанып тұрады.
Ақын жырының әр жолы сан алуан көңiл-күй мен тарихты сөз етедi. Мәселен "Қызғыш құс" өлеңiн алайық. Бұл өлең жырларынан ақын өз өмiрiндегi ең ауыр, қасiреттi оқиғаларды сөз етедi. Өмiрiндегi жайттар үшiн ақиық ақынның ашынғанын:
Ау, қызғыш құс, қызғыс құс,
Қанатың қатты, мойның бос
Исатайдан айрылып,
Жалғыздықпен болдым дос,- деген тармақтарынан көруге болады. Бұл өлең жолдарынан әрi досы,әрi серiгi, ақылшысынан айырылу ақынға өте ауыр да, орны толмас қайғы әкелгенiн байқаймыз. Қанша өз елiн, жұртын отаршылдық жүйеден сақтап қалуға, өзiнiң жалынды, көтерiлiсшiлер үшiн бiр жұтым ауа секiлдi жырларымен жiгерлендiруге тырысқанымен, елдi артқа тартар үстем тап өкiлдерi әрқашан халықтың жарық үмiтiн өз көлеңкелерiмен жабу үшiн бәрiне барған:
Сенi көлден айырған-
Лашын құстың тепкiнi
Менi елден айырған-
Хан Жәңгiрдiң екпiнi, - деген жолдары тарихтағы Жәңгiр ханның бейнесiн аша түскендей.
Ал, "Қара нар керек бiздiң бұл iске" өлеңiнде Махамбет нағыз намысшыл, ержүрек батырға тән қасиеттерiмен көрiнедi.
Қабырғасын қаусатып,
Бiр-бiрiндеп сөксе де
Қабағын шыртпас ер керек
Бiздiң бүйткен бұл iске,- деп патша үкiметiнiң қазақ даласында жүргiзген отарлау саясатының қанқұйлы көрiнiсi, сонымен қатар ел iшiндегi, ағайын арасындағы зұлымдық пен сатқындық үстемдiк құрған заманда ел мүддесiн қорғайтын, халқын қиындықтан сүйреп шығар ер керек екенiн айтқан.
Тартынбай сөйлер асылмын,- деген өлең жолдарынан қолы талай мәрте туған жер төсiнде ат ойнатып, ата жауларымен кескiлескен шайқаста еңсесiн тiк көтерiп тұрар батыр бейнесiн байқаймыз.
Қорытындылай келе, Махамбет, ғасырдан - ғасырға жалғаса беретiн, уақыт өткен сайын алмас қылыштай жарқырай беретiн тұғырлы тұлға. Махамбет iспеттес батыр аталарымызды мақтаныш етiп, басқа елдерге осындай бабаларымыз болғанын жариялау бiздiң парызымыз