Пенде болып өмiрге аяқ басқан соң, кiм де болсын кiшкентай ғана нәресте күнiнен бастап өмiр үшiн күресуге талпынады. Менiңше , жарық дүние есiгiн ашқан соң, лайықты өмiр сүру қажет. Әрине, ол үшiн ең алдымен өмiрге деген құштарлық керек. Бiздi биiк белестердi бағындырып, асқан асулардан асуға жетелейтiн де қиялымыз, арманымыз емес пе?! "Күрессiз өмiр - қызықсыз", - демекшi, егер барлығы бiрден бiздiң қалауымызша болса, бiз жетiстiгiмiздiң қаншалықты бағалы екенiнссезiне алмас та едiк. Мен де - асқақ арманының соңынан ерген жандардың бiрiмiн. Сол арманыма жету жолында адаспас үшiн мақсатым болуы - шарт. Бүгiнгi таңда мен аңсаған мұратыма жетер жолдың алғашқы аялдамасындамын. Иә , дiттеген жерiме жеткенге дейiн бiраз кедергiлер мен қиыншылықтар алдымды бөгейтiнi хақ. Алайда, мен өз-өзiме сенемiн! Ал, мен үшiн сенiм - ең құдiреттi күш! Абай атамыз айтпақшы: "Еңбек етсең ерiнбей, ояды қарның тiленбей". Егер мен талмай еңбектенсем, қалағаныма мiндеттi түрде қол жеткiземiн! Мейлi ... Кейде менiң көңiлiм құлазып, қолымнан бұл iс келмейтiндей көрiнсе де, мен бар қиындыққа төтеп бере аламын!
Өкiнбе! Өкпелеме бүгiнiңе!
Өмiр! Өмiр!
Болмайды түңiлуге!
Мәңгi сенi жазбаған сүрiнуге,
Қайта тұрып, хақың бар жүгiруге..,- деген, сүйiктi ақыным Мұқағали Мақатаевтың осы бiр өлең шумақтары менi қайта рухтандырып, қанаттандыра түседi. Мiне, аз ғана қалды... Он бiр жыл бойы аңсаған алтын белгiнi иеленiп, үмiт артып отырған ата-анамның сенiмiн ақтап, ертең-ақ филология факультетiнiң студентi болып шыға келемiн! Содан соң, дәл қиялымдағыдай, ұйқымнан күлiмдеп оянып, сүйiктi жұмысыма, халқыма қызмет етуге асыға жиналатын күндерге де жетермiн! Ештеңе де оңайшылықпен елмейдi. Иә, бiлемiн. Әлi де талай сыннан өтермiн. Дегенмен, бастаған жолымның соңғы аялдамасында менi үлкен қуаныш, сарқылмас бақыт сағына күтiп тұрғанын жүрегiм сезедi!